Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск коронавирус инфекциясына қарсы жаһандық вакцинацияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы кәсіпкер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Түсінікті болу үшін: мен вакциналарды, атап айтқанда COVID-19-ға қарсы вакциналарды қолдаймын», – деп жазды Маск.
Сондай-ақ, кәсіпкер вакцинациядан кейін аллергиялық реакция өте сирек кездесетінін және оны EpiPen арқылы оңай жеңуге болатынын айтты.