FinanceБасты

Доллар бағасы тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 0,35 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427,19 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,49 теңге сатылса, ал сатып алу – 426,94 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,72 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 426,63 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button