EcoБасты

Алтай тауындағы ілбістің алғашқы видеосы жарияланды

Алтай тауының Қазақстан бөлігіндегі ілбістің (Panthera uncia) алғашқы видеосы «Катонқарағай» ұлттық табиғи паркінің желідегі парақшасында жарияланды.

«2020 жылдың қараша айында Аршаты орманшылығының аумағында орманшы Ж.Аманбаев және мемлекеттік инспектор – М.Омаров пен М.Арабаев фототұзақ орнатып, оның көмегімен қар барысының ерекше бейнекадры түсірілді. 2020 және 2021 жылдардағы бірнеше бейнеролик бұл әдемі жыртқыштың әртүрлі қырынан түсірді. Фототұзақтарды орнату және зерттеудің басқа да заманауи әдістері «Катонқарағай» МҰТП аумағында ілбістің (қар барысы) биологиясы, экологиясы және басқа да ерекшеліктері туралы көбірек білуге көмектеседі деп үміттенеміз», делінген видеодағы жазбада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button