Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың декларациялау науқаны жалғасып жатқанын еске салды.
2020 жылы мүліктік табыс алған жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) 2021 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс ету қажет.
ЖТС декларациясын жеке тұлғалар, оның ішінде мүліктік және басқа табыс алғандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде жылжымайтын мүлігі, бағалы қағаздары, заңды тұлғаға қатысу үлесі бар жеке тұлғалар тапсырады.
Мұндай кірістен жеке табыс салығын есептеу 10% мөлшерлемесі бойынша дербес жүргізіледі және 2021 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төленуге тиіс.
Декларацияны жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша тапсыру керек.