Бұған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (NHS) компьютерлерін бұзу, вакцинаны жеткізу жүйесіне хакерлік шабуылдар, вакцинация науқанына араласу, бопсалау және желідегі бопсалау кіреді. Мысалы, киберқылмыскерлер ауруханалардың жедел жәрдем жүйесіне зиянды бағдарламалық қамтуды енгізуді үйренген және оны тек көп ақша берсе ғана алып тастауға келіседі.
Сондай-ақ жекелеген азаматтарға қатысты қылмыстардың саны да күрт өсті. Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қылмыскерлер алаяқтық схемалар арқылы Британ аралдарының тұрғындарынан 34,5 миллион фунт стерлинг ұрлап алған. Себебі, карантин уақытында адамдар тек онлайн режимінде сатып ала бастады және мекен-жайларын азық-түлік жеткізу қызметтері немесе желідегі әртүрлі сатушыларға бере бастады.
Мысалы, көптеген адамдарды ақшасынан айырған алаяқтардың соңғы ірі схемасы халықтың пошта қызметтерін жиі пайдалануына байланысты құрылған. Киберқылмыскерлер корольдік пошта сайтына ұқсас сайт құрып, адамдарға олардың сәлемдемелері жергілікті пошта бөлімшесінде екендігі туралы хабарламалар жіберген. Алайда кейбір жаңа шарттар бойынша алдымен бір-екі фунт төлеу керек делінген. Хабарламада төлем жасау үшін корольдік поштаның жалған сайтына сілтеме жасалған, онда бірнеше айла-шарғы жасау арқылы алаяқтар пайдаланушының банктік деректеріне қол жеткізген.
Танысу сайттарында да бопсалау әрекеттері көбейген. Қылмыскерлер локдаунға байланысты жалғыз қалған адамдардың осалдығын пайдаланып,танысқан. Біраз уақыт сөйлескеннен кейін екеуіміздің болашақ демалысымыз, емделуіміз үшін деп алдап ақша аударуға көндірген.