EconomyБасты

Қазақстанда жалған банкноттар саны 38%-ға азайды

Қазақстанда 2020 жылы жалған ақшалар көлемі 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев мәлім етті.

«Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді. Қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады – сәйкесінше, жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%»,- деді Ұлттық банк өкілі.

Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды – 554 немесе 67,3%.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау, мүлкін тәркілеумен немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуымен жазаланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button