PoliticsБасты

Премьер-Министр ҚР СІМ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа басшы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді таныстырды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов қазіргі геосаяси ахуал кезінде сыртқы саяси ведомство жұмысының маңызы артқанын атап өтті. Дипломатиялық шешімдер арқылы ҚР СІМ жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға және ұлттық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосуда.

«СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді. Президент ведомство алдына маңызды мақсаттар қойды, ұжымға оларға қол жеткізуде табыс тілеймін», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр жауапты басшылық лауазымдарда мол тәжірибесі бар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button