Ескерткіш Зейтінбурну ауданында қойылған.
Түркияға ресми сапарының екінші күні премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ыстамбұл қаласында болып, онда түрік іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізген.
Сапар соңында СІМ басшысы қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайға арналған бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ оның есімі берілген мектепке барғаны анықталды. Салтанатқа Ыстамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу, осы мектеп орналасқан және қазақ диаспорасы жинақы мекендейтін Зейтінбурну ауданының мэрі Омер Арысой қатысты.