Өтініш қалдыру процедурасы бірнеше қадамнан тұрады.
Қазақстанда 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш беруге болатын бот іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, Telegram мессенджерінде ботты табу үшін іздеу жолағына @ Help42500Bot теріп, «Start» түймесін басу керек.
Өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар өтініш беруі үшін:
1. «Өз-өзін жұмыспен қамту» түймесін басыңыз;
2. ЖСН-іңізді енгізіңіз;
3. Электронды поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз;
4. Телефон нөмірін енгізіңіз;
5. Банктік шот нөміріңізді (IBAN) енгізіңіз;
6. Сұрауыңызды растаңыз;
7. Содан кейін сіз келесі мағынада хабарлама аласыз:
Сіздің өтінішіңіз қабылданды;
Сіздің өтінішіңіздің тіркеу нөмірі;
Өтініш өңделіп жатыр деген сипатта жауап келеді.
Жұмысшы адам өтініш беруі үшін:
1. «Жұмысшы» түймесін басыңыз;
2 ЖСН-іңізді енгізіңіз;
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның БСН-ді енгізіңіз;
4. Электронды поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз;
5. Телефон нөміріңізді енгізіңіз;
6. банктік шот нөмірін (IBAN) енгізіңіз;
7. Сұрауыңызды растаңыз;
8. Содан кейін сіз келесі мағынада хабарлама аласыз:
Сіздің өтінішіңіз қабылданды;
Сіздің өтінішіңіздің тіркеу нөмірі;
Өтініш өңделіп жатыр деген жауап келеді.