SocialБасты

Алматыдағы ұшақ апатына не себеп болуы мүмкін?

Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер етуі мүмкін. Бұл ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будниковтың пікірі. Авиация саласының маманы әскери ұшақтың апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Комиссия әдетте үш нұсқаны қарастыратын көрінеді.

Андрей Будников, ұшқыш-нұсқаушы:

– Қазір апаттың нақты себебін айту қиын. Арнайы комиссия мұны анықтай жатар. Үш жағдайда ғана апат болуы мүмкін. Олар әуе кемесінің техникалық жағынан дұрыс болмауы, ауа райының қолайсыздығы немесе экипаждың қателік жасауынан болуы мүмкін.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әскери ұшақ апатының себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button