ӘлемБасты

Ақтоты Райымқұлова Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды

9-11 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысу үшін Қырғыз Республикасына іс-сапармен барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының Мəдениет, ақпарат, спорт жəне жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиевпен кездеседі.

Осыдан кейін министр біртуар жазушы Шыңғыс Айтматов 32 жыл тұрған музей-үйге және 2000 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында салынған «Ата-Бейит» кешеніне, «Супара» этно-кешеніне, Қырғыз Ұлттық консерваториясына барады.

Сонымен қатар Қазақстан делегациясының өкілі жыршы, еліміздегі жалғыз манасшы, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік «Достық» орденінің иегері Баянғали Әлімжанов, Аслан Ғафуров, Роза Әлқожа, Жеңіс Сейдуллаұлы «Маданият-Тарых-Тил» телеарнасында тікелей эфирде бағдарламаға қатысады.

Сондай-ақ екі елдің делегациясы Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button