Ұйым жариялаған есепте 69 жабық бағыттың 30-ы Азия-Тынық мұхиты аймағында, 15-і Еуропада, 11-і Африкада, 10-ы Америкада және үшеуі Таяу Шығыста екені айтылған.
Ақпанда пандемияға байланысты шетелдіктер үшін 69 ел жабылды, ал 73 ел шекарасын ішінара жауып тастады. Бұл елдер туристерден карантиннен өтуді немесе COVID-19 анықтайтын ПТР-тест талап етті.