Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 25 ақпан кешімен салыстырғанда 1,76 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 416,57 теңге болды.
Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 414,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 417,51 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 415,99 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 416,75 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу – 415,58 теңге.