Social
Орал әуежайының ғимараты қайтадан жаңартылмақ
Орал әуежайының ғимараты 6,6 млрд теңгеге қайтадан жаңартылмақ.
БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылатынын да айтып өтті. Сондай-ақ сыртқы инженерлік желілер тартылып, іргелес аумақты абаттандыру, автотұрақ ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
Аэровокзал терминалының технологиялық жабдықтары халықаралық стандарттар мен шекаралық және кедендік талаптарға сәйкес жаңғыртылады.
Еске сала кетейік, инвестиция көлемі екі есе артқан ғимарат 2021 жылдың соңында пайдалануға берілмек.