SocialБасты

Коммуналдық қызметтер бір жылда 4%-ға қымбаттаған

2021 жылдың қаңтарында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлерінің тарифтері былтырғы жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,8%, ал бір ай ішінде 0,6% қымбаттады. Бұл туралы Finprom агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ бір жылда қоқыс шығару бірден 19,1%-ға, үйге қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 6,3%-ға, электр энергиясы 5,2%-ға қымбаттады. Ал су тарту және орталықтан жылыту қызметі 1-2%-ға арзандаған.

Еліміздің қалалары бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифі жан басына шаққанда 264 теңге болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 173,3 теңге еді.

Ыстық су тарифі бір жылда 15,5%-ға қымбаттап, 1 текше метрі үшін 267,6 теңгеге жетті. Суық су 3%-ға өсіп, 1 текше метрі үшін 70,4 теңге болды.

Тарату желілері арқылы жіберілетін табиғи газ бағасы 33,5%-ға өсіп, текше метріне 25 теңгені құрады. Сұйылтылған газ құны 5,3%-ға артып, келісіне 160,3 теңге болды.

Қазір ауыз су тарифі қалаға қарағанда ауылдық жерде қымбат. Оған су жүргізу инфрақұрылымының қымбаттығы, ауылдардың алшақтығы, тұрғындардың аз қоныстануы және басқа да факторлар әсер етеді. Өңірлердегі су бағасын төмендету үшін шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button