ӘлемБасты

Халықаралық рейстердің саны көбейеді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес келесі елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін көбейтуге рұқсат етілді:

  1. Ресей – 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):
    – Нұр-Сұлтан – Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;
    – Алматы – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;
    – Шымкент – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;
    – Ақтау – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.

2. Мальдив аралдары – 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):
– Алматы – Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;

3. Қырғызстан -1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):
– Алматы – Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;

4. Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):
– Нұр-Сұлтан – Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;

5. Украина -1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):
– Нұр-Сұлтан – Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе
компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button