ӘлемБасты

Коронавирус бойынша әлем елдеріндегі ахуал қандай?

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та COVID-19-дан 450 мыңнан астам адам қайтыс болды. Тек 2021 жылдың басынан бері 100 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелген. 330 миллионға жуық халқы бар елде КВИ 26,5 миллионнан астам адам жұқтырған.

Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Спан елдегі эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мүмкіндігі туралы мәлімдеді. «Біз қыс бойы қатаң локдаунда бола алмаймыз», деді Денсаулық сақтау министрі. Ең алдымен, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді ашу жайында баяндады. «Келесі аптада бұл 15 ақпаннан кейін немесе сәл кешірек болатынын анықтаймыз», деді министр.

Түркияда коронавирустың екі жаңа штаммы табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді. «Біздің елде британдық штаммнан басқа, оңтүстік африкалық штаммының екі жағдайы және бразилиялық түрінің бір жағдайы тіркелген», деді ол. Түркияда коронавирус инфекциясы 2 миллион 259 мың адамда расталып, 26,3 мың науқас қайтыс болған.

Чехияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны 1 миллион адамнан асты. Осылайша, 10,7 миллион халқы бар елде халықтың шамамен 10 пайызы індетке шалдыққан. Соңғы тәулікте SARS-CoV-2 жұқтырудың 9 057 жаңа жағдайы анықталған, 16 683 адам қайтыс болған.

Австралия Премьер-министрі Скотт Моррисон COVID-19 вакцинасының қосымша 10 миллион дозасын сатып алатынын айтты. Билік халықты вакциналауды ақпан айының соңында бастамақ, апта сайын 80 мың дозаға дейін егу жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button