BusinessБасты

Атырау облысында бройлер етін өндіретін кешен іске қосылады

Атырау облысының Махамбет ауданында бройлер құсының етін өндіретін кешен іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай​ мәлім етті.

«Ауданда Индустрияландыру картасы аясында бірнеше жобаны іске қосу жоспарланды. Биыл «Meken Chiken» ЖШС-нің «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» жобасы жүзеге асады. Жобаның құны – 5,9 млрд теңге. Бұл жоба іске қосылғанда 79 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, «Жумағалиева» ШҚ ​ жылыжай жобасын іске қосқалы ​ отыр.​ Жылыжай жобасының құны 1,2 млрд теңге. Жаңа жылыжайда 40 адам жұмыс істейтіні көзделген. Қазір жылыжайдың құрылысы басталды. Оған 16 гектар жер учаскесі бөлінді» -деді Мұқаш Зұлхарнай.

Оның айтуынша, былтыр Махамбет ауданында Индустрияландыру картасы аясында 4 жоба іске қосылған. Оның ішінде​ «Бірінші май» ЖШС-нің үш жобасы бар. Бұл – сүт өндіру зауыты, биогумус өндіру кешені мен сүт өңдеу фермасын кеңейту жобасы. Ал, төртіншісі – «Сарайшық АТШ» ЖШС-нің ешкі сүтін өндіру фермасы. Бұл жобаларда 125 жұмыс орны ашылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button