Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,10 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 424,11 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,22теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,07 теңге, сатып алу – 424,59 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,72 теңгеден болса, ал сатып алу – 423,89 теңгені құрайды.