EconomyБасты

Жамбыл облысының ірі кәсіпкерлерімен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілері жасалды

Жамбыл облысының ірі кәсіпкерлерімен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілері жасалды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1 бабына сәйкес, «Аса даму» ЖШС (тауық жұмыртқасын өндіру және сату), «Әулие-Ата Феникс» ЖШС (тауық етін өндіру және сату), «Бурненская молочная компания» ЖШС (Сары май және пастерленген сүт өнімдерін өндіру және сату), «Козин А. А.», «Ким В. В.», «Бидай наны» жеке кәсіпкерлерімен (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын 1-сұрыпты (формалы) бидай ұнынан нан өндіру және өткізу) монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілері қаралды.

«Монополияға қарсы комплаенсті қарау қорытындысы бойынша, оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №65 бұйрығымен бекітілген сыртқы комплаенстің үлгілік актісіне сәйкестігі туралы қорытынды жасалды», – делінген Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департаментпен қаралған және қол қойылған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі өтініш білдірген нарық субъектілеріне немесе бәсекелестік жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын түсіндіру актісі болып табылады.

«Аса даму» ЖШС, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Козин А.А.», «Ким В. В.», «Бидай НАН» жеке кәсіпкерлері монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін әзірлеу және енгізу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және өткізу нарығында адал бәсекелестікке және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға ұмтылысын растайды.

Монополияға қарсы комплаенс – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button