EconomyБасты

Бақыт Сұлтанов 2020 жылғы экспорт туралы айтып берді

Коронадағдарыс-2020 бүкіл сауда саласын, соның ішінде біздің экспортқа қатты әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылғы экспорт туралы айтып берді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР СИМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші жартыжылдықта экспорт жалпы әлемдік экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты төмендеді: зауыттар мен фабрикалар жабылды, белсенді «жұмыс режимінде» тек медициналық бағыт, тамақ өнеркәсібі және коммуналдық қызметтер қалды. Бұған санитарлық тыйымдарға байланысты логистика проблемалары да қосылды (біз әлі де Қазақстан-Қытай шекарасында «ковидтік» қиындықтарды сезініп отырмыз).

Екінші жартыжылдықта әлемдегі сауда белсенділігі біртіндеп қалпына келе бастады (вакциналарға рахмет). Егер қаңтар-маусымда өңделген тауарлар экспортындағы шығындарымыз 8,8% – ті құраса, желтоқсанға қарай біз өткен жылғы көрсеткіштерден алшақтықты айтарлықтай қысқарттық. 2020 жылғы қаңтар-қарашада қайта өңдеу экспорты $13,9 млрд құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштерден небәрі 3,4%-ке аз. Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша тауар айналымы 11 айда $46 млрд құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашадан 2,5%-ке төмен ($47,2 млрд).

Егер тауар топтары туралы айтатын болсақ, онда мұнай өнімдері (40,3% –ке немесе $391,5 млн-ға) және ферроқорытпалар (12,5% -ке немесе $218,8 млн-ға) бойынша ең жоғары төмендеу байқалды. Сонымен қатар, ферроқорытпалардың экспорты заттай түрде өсті (5,4% -ке), бірақ ақшалай қатты төмендеді.

Күмістің, мыстан жасалған катодтардың, тамақ өнеркәсібі мен жеңіл автомобильдер өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік туды. Біз автомобильдерді $117,7 млн-ға сатып, 2019 жылмен салыстырғанда қаржылық жағынан көрсеткішті 2,8 есе арттырдық.

Болат илемдеуі де плюске кетті – 7208 СЭҚТН коды бойынша (ыстықтай тапталған легирленбеген болаттан жасалған жазық илек), ақшалай өсім 7,3%-ті құрады, ал 7210 коды бойынша (жалатылған болаттан жасалған жазық илек) – 20,5. Бұл ретте экспорттың нақты көлемі тиісінше 33,6 және 40%-ке өсті.
Тауар экспортын ұлғайтуға біздің өндірушілерді қолдау шаралары ықпал етті: консалтингтен бастап- қаржылық ынталандыруға дейін… Экспорттық акселерация жақсы нәтиже берді (2021 жылы тек «акселерация түлектері» экспорттауға арналған келісімшарттардың жалпы сомасы 1/3 миллиард доллардан асады).

Ақпан айының ортасында біз бір жылдағы тауар айналымының толық статистикасын көреміз. Егер қалпына келтіру динамикасына келетін болсақ, ковид-дағдарыс жылындағы шығындар азайтылады деп үміттенемін.

Тұтастай алғанда, шикізаттық емес экспорт (тауарлар+қызметтер) бойынша біз $20 млрд-тан жоғары көрсеткішті күтеміз, биылғы жылғы міндетіміз – оны $29 млрд-қа дейін жеткізу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button