
Өңір әкімдері тікелей жауапты
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Баяндамаларды тыңдап шыққан Премьер-министр бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
«Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін ауыз сумен қамту бойынша қолданыстағы барлық жобаларды іске қосуды қамтамасыз етсін. Бұған өңірлердің бірінші басшылары тікелей жауап береді.
Қаржы министрлігі бекітілген қаражатты жергілікті атқарушы органдарға жедел тәртіппен аударуы қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.