Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, қашықтықтағы форматқа көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған.
Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Біздің Елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда, олар жеке тәртіппен қаралатын болады.