Басты

ҚР ИИДМ: Салалық мәселелер бойынша кеңестің кезекті отырысы өтті

2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен салалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Отырыста теңіз көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Индустриялық даму және көлік мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, теңіз көлігі саласында кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті емес аудандарын белгілеу жөніндегі нормалар мақұлданды. Ол порттарға және олардың акваторияларына жақындаған кезде кеме қатынасы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Теңізде жүзу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында және Каспий теңізінде су деңгейінің жиі ауытқуына байланысты Ақтау, Құрық, Баутино порттарына және олардың акваторияларына жақындаған кезде кемелерді міндетті емес лоцмандық алып өту аудандарын белгілеуді мақұлдау талап етіледі.

Бұл қолайсыз ауа райы жағдайларында кеме капитанына кемені арқандап байлау және зәкірге қою орнына қауіпсіз жүргізу үшін лоцманды тартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button