EconomyБасты

Жарты миллиард теңге бизнеске бағытталды

Жетісайлықтар балмұздақтың алуан түрін шығаруды кәсіп етіп, жиһаз, тігін цехын ашып, жылқы шаруашылығын дамытуда. Кондитерлік өнімдер мен пицца жеткізу бизнесін жолға қойған. Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданындағы жұмыстарды қадағалауға барып, «Еңбек» бағдарламасымен мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан азаматтардың өндіріп жатқан өнімдерінің көрмесіне қатысты. Карантин кезінде 2000 жетісайлық кәсіптің көзін тауып, ісін өрге домалатып жүр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Келер жылы кезекте тұрған 500-ге жуық жетісайлық отбасы қоныс тойын тойлайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен бөлінген 551,3 млн. теңге қаражатқа Жетісай қаласынан 80 га жерге көпқабатты баспаналар бой көтерді. Жалпы ауданы 10,4 мың ш.м немесе 200 пәтерлі 6 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға таяды.

Бұдан басқа, дәл осы жерде жалпы ауданы 240 пәтерді құрайтын көп қабатты 6 үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.  Аталған үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 293,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға магистральды су және электр жүйелерінің құрылысы басталды.  Тұрғын үйлер жол, кәріз және газ жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Жетісай ауданында 7 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Халықты ауыз сумен қамту секілді инфрақұрылым жүйесін жақсарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өркенді ауылының ауыз су жүйелері жаңартылды. 2020 жылы 7 ауылдың (Жамбыл, Мақталы Жылысу, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби) құрылысына бюджеттен 794 млн-нан астам ақша бөлініп, Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйелері жаңартылды. Қалған 6 ауылдағы жұмыстар толығымен 2021 жылы аяқталады.

Жыл қорытындысымен аудан тұрғындарына 81% табиғи газ жеткізілетін болады. 2020 жылы 4 елдімекенді газдандыруға 45 млн.теңгеге жуық ақша бөлініп, 2-нің құрылыс жұмыстары аяқталды, 2 нысан келесі жылы толық бітеді деп күтілуде. Бүгінгі күнге жалпы құны 6,8 млрд.тенге болатын 6 жоба (2 АГРС, 1 газ жүйесі, 3 елді мекен) алдағы жылы толық іске қосылмақ.

2019-2020 жылдары Жетісай ауданындағы 16 елдімекеннің тозығы жеткен электр желісін жаңарту үшін (Жамбыл, Қазыбек би, Оспанов, Құрбан ата Таубай ата, Алғабас, Қосқұдық, 1-май, Мақталы, Қарасақал, Қызылту, Ақтөбе, Кетебай, Сатбаев, Қарақай, Қараөзек) бюджеттен 320,9 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Алдағы жылы Қоғалы, Жемісті, Жеңістің 40 жылдығы, Мақташы, Талапты, жалпы 6 елді мекеннің электр желісін жаңартуға бюджеттен 162,03 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде 1235 тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.

Аймақ басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарында жеке кәсіпкер Б.Казиев өз қаражаты есебінен салған медициналық орталық жұмысымен танысты. Заманауи емдеу мекемесі толықтай жаңа қондырғымен қамтылған. Барлық салалық дәрігерлер жұмысқа тартылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button