Елордада аумақтарды көгалдандыру, тазалау және абаттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. ҚР Президенті Жолдауында атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму мәселелері елдегі күн тәртібінің алдыңғы қатарында. Мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту үшін нақты шараларға кірісуді тапсырды.
Биыл елордада 80 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады.
Ұсынылған мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары көгалдандыру аясында 2020 жылға 23 623 дана ағаш және 12 500 метр бойы бұталы қоршау көлемінде жасыл желек отырғызу жоспарланған.
Алматы ауданында – 4 000 ағаш, 6 000 м/б бұталы қоршау.
Сарыарқа ауданында – 2 000 ағаш;
Есіл ауданында – 10 000 ағаш, 2 000 м/б бұталы қоршау;
Байқоңыр ауданында – 2 500 ағаш, 1 500 м/б бұталы қоршау.
Оның ішінде бүгінгі күні 17 337 ағаш және 9 500 м/б бұталы қоршау отырғызылды.
Қалған 6 286 ағаш пен 3 000 м/б бұталы қоршау күздің соңына дейін отырғызылады.
Көлік және жол көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 2020 жылға автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау аясында 14 нысан бойынша 5080 ағаш пен 49 949 бұта отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 27 380 көшет отырғызылды.
2020 жылы сәулет басқармасымен объектілер құрылысы шеңберінде (МТЖ, СО, СОО, БО және т.б.) 1 348 ағаш отырғызылды.
Осылайша, бүгінгі күні отырғызылған көшеттер саны шамамен 56 мыңды құрады.