Көрнекті ойшыл әл-Фарабидің 1150-жылдығына орай Қазақстанның Елшілігінде Уппсала университетінің профессоры Ласло Каролидің «Көнетүркі тілі мен жазуы » тақырыбы бойынша дәрісі өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Осы Скандинавия еліндегі швед және қазақстандық жастар негізін құраған аудитория көнетүркі тарихы мен мәдениеті, тілдің ерекшеліктері және түркі халықтарының жазулары туралы өз білімдерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.
Тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтардың ішінен, атап айтқанда, қазақтар мен басқа көшпенді халықтардың мәдениетін түсіну үшін түркі кезеңінің маңыздылығын ескере отырып, әл-Фараби философиясының түркі негіздері қозғалды. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесімен және Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан оның халықаралық ғылым орталығы – Түркі академиясымен берілетін бірегей мүмкіндіктер арқылы түркі әлемінің еуропалық зерттеушілері арасында өзара іс-қимылды тереңдетудің болашағы талқыланды.
Іс-шараның ұйымдастыруына ҚР-дың Құрметті консулы, ғылым докторы Вадим Кесслер және Швециядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы қатысты.