EducationБасты

Атырау облысы әкімінің 50 гранты резидентураға бөлінді

Атырау облысында 50 талапкерге жергілікті бюджеттен резидентура гранттары бөлінді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста бекітілді.
Атырау облысы әкімінің орынбасарының айтуынша, медицина қызметкерлерінің тапшылығы өңірдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Пандемия басталған кезде өңірге 300-дей маманның жетпейтіндігі салаға ауыр тиді.

Қазір облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің нақты тапсырмасы бойынша жергілікті жерде медициналық мамандар жетіспеушілігін шешу мақсатында нақты қадамдар жасалып жатыр.

Атап айтқанда, маусым-шілде айларында аймаққа жүзден астам жас маман тартылып, оларды ынталандыру, қолдау тетіктері күшейтілді. Сонымен қатар, медицина саласына берілетін гранттар саны көбейтілді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің грантына ие болғандар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Астана медициналық университеті мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында білім алады.
Айта кетелік, биыл Атырау облысы әкімінің аса маңызды салалар бойынша бөлінген грантына 139 жас ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button