Жаңа оқу жылы індетпен күрес шараларына байланысты қашықтан оқыту режимінде басталды. Соған байланысты Алматы облысында әлеуметтік әлжуаз отбасыларының балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 5 мыңнан астам компьютер сатып алынды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, техникалық құралдар қазір Талдықорған қаласына жеткізілген. Компьютерлер білім платформаларына сәйкестігіне қатысты техникалық тексеруден толық өткізілгеннен кейін аудан-қалаларға жөнелтіліп, оқушыларға берілетін болады.
Жуық арада оған қоса 7508 планшет жеткізіледі. Планшеттер 10 қыркүйекке дейін аудандарға бөлініп бітуі тиіс.
Жалпы компьютер, ноутбук және планшет сатып алуға республикалық бюджеттен 8 624 191 мың теңге бөлінген болатын.