Қарағанды емханалары әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізуде
Қарағанды облысында Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен «Дәрігер.онлайн» пилоттық жобасы іске қосылды. Карантин жағдайында емханалар қашықтан жұмыс форматына көшті және пациенттермен қашықтан қарым-қатынас орнату нұсқаларын пайдалануда, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
Алғашқы көмек ұйымдарының әлеуметтік желілердегі жұмысы жандандырылды. Мамандар нақты уақыт режімінде Instagram аккаунттарында адамдарға кеңесбереді.
Облыстың барлық 46 емханасы тікелей эфир өткізді. Пациенттермен және жазылушылармен байланысқа бірінші басшылар шықты. Олар коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны емдеу тәсілдері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
«Дәрігер.онлайн» маусым айында басталды. Біз пациенттермен тікелей эфир арқылы осыған дейін де араласқан болатынбыз. Алғыс айтып жазып жатқан пікірлерге қарағанда, мұндай байланыс адамдарға өте қажет. Пандемия мен карантин алаңдаушылық тудырды. Интернет кеңістігінде тексерілмеген ақпаратқа сүйенбей, құзыретті мамандардан түсініктемелер алу маңызды», – дейді «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ЖШС директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Витт.