AgroБасты

Қазақстанның АӨК-нің тиімсіздігі мен масылдығы туралы мәлімдеме асыра айтылған – ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы бүкіл әлемде дотациялық сала. Бұл халықаралық тәжірибеде расталған, деп мәлімдеді ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов Ирина Смирнованың депутаттық сауалына берген жауабында 

Ол көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі АӨК саласындағы барлық макрокөрсеткіштер бойынша 2020 жылдың өсім көрсеткішімен расталатынын айтты.

«Қазақстанның ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5,6%-ға артып, 6,3 трлн. теңгені құрады. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім көрсеткіші. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі 4%-ға өсті. Яғни, 350 млрд теңге субсидия бере отырып, біз 6,3 трлн.теңгенің өнімін алдық. Міне, ауыл шаруашылығындағы салықтың көлеміне емес, халыққа, жалпы елге тиімді жағын бағалау керек», – деді министрлік өкілі.

 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар ағыны 15%-ға, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде, агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестицияларының жалпы көлемі 677,2 млрд. теңгені құрап, негізгі жоспардан 154,2 млрд. теңгеге артық орындалды 

«АӨК өндірісінің өсу көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен расталады, ол 22%-ға ұлғайды және 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2019 жылы – 1,1 млрд. теңге).

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растайды. Онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елі арасында 32-орынға ие болды», – деді А.Сұлтанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Бұл ретте ауыл шаруашылығында дотациялар қарастырылғандықтан, соған орай салықтық жеңілдіктер де бар.

Мысалы, ауданы 5 мың гектарға дейінгі шаруашылықтар жердің сапалық сипаттамаларына сүйене отырып, бірыңғай жер салығын төлейді және салықтың басқа түрлерінен босатылады.

Өзге фермерлер мен қайта өңдеуші кәсіпорындар арнайы салық режимін пайдаланады. Мәселен, оларға салық төлемдері бойынша 70% жеңілдік беріледі, ал кейбір түрлерінен мүлде босатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button