EducationБасты

Атырау облысы әкімінің грантымен 78 атыраулық жас тегін оқиды

Биыл грант алуға құжат тапсырған түлектер  енді облыстық бюджет есебінен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша бөлініп отыр. Биыл конкурсқа қатысуға 132 талапкер өтініш берген, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Әкім грантын иеленген түлектердің дені – болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер. Облыс әкімінің грантын алған 78  түлектің 27-сі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде, үшеуі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тегін білім алады. Ал төрт түлек М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, алтауы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқиды. Бір түлек Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақсан аграрлық-техникалық университетіне, тағы біреуі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына, 36 талапкер   Х.Досмұхамедов Атырау мемлекеттік университетіне  оқуға түсті», -деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button