Демалыс күндері еліміздің батысында нөсер жауын жауады
22-24 тамыз күндері еліміздің батысында және оңтүстік-батысына қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болады.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа температурасына келетін болсақ, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Кей жерлерінде 28 градус жылы болады деп болжанған батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда айтарлықтай өзгеріс болмайды.