«Қазгидромет» РМК 30 шілдеде Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық аухал туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
30 шілдеде Шымкент, Балқаш және Актөбе қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қазақстанның өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты шекте болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал