«Долинное» алтын өндіру фабрикасы іске қосылды
Өндірісті пайдалануға беру жолындағы тағы бір қадам ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020-2029 жылдарға арналған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатын алу болды. Рұқсат шарттарына сәйкес компания өзіне Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасының; Рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған эмиссиялардың, табиғат қорғау іс-шараларының нормативті талаптарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді алады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа фабриканың өндірістік қуаты жылына 2 500 000 тонна кен құрайды. «Долинное» АӨФ пайдалануға берілуімен «Алтыналмас АК» АҚ Ақтоғай өндірістік алаңының кен өңдеу бойынша жалпы қуаты жылына 5 200 000 тоннаға дейін, ал тау-кен массасын өндіру бойынша жылына 50,000,000 тоннаға дейін артады.
CIP технологиясы бойынша «Долинное» АӨФ іске қосу-реттеу жұмыстары ағымдағы жылдың 22 мамырында басталған. Қазіргі уақытта өндірісті апатсыз және қауіпсіз іске қосу, сондай-ақ өндірісті жобалық көрсеткіштерге шығару жұмыстары сәтті аяқталды, маусым айының басында АӨФ-те салмағы 5,3 кг болатын бірінші құйма алтын шығарылды.
«Долинное» АӨФ «Алтыналмас АК» АҚ-ның соңғы 10 жылда салынған және іске қосылған «Ақбақай» алтын өндіретін фабрикасы, «Пустынное» байыту фабрикасы және «Altynalmas Technology» бағалы металдарды шығару зауытымен қатар төртінші фабрика болды.
«Алтыналмас АК» АҚ толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклінің компаниясы. Компания қызметінің негізгі бағыттары құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу; геологиялық барлау жұмыстары; жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары; ғылыми-зерттеу, жобалау және іздестіру жұмыстарын қаржыландыру; бағалы металдарды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі өндірістерді салу және реконструкциялау болып табылады. Компанияның активтері Қазақстанның 4 аймағында: Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шоғырланған.