PoliticsБасты

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды» – делінген хабарламада.

Атап өтсек, ол 2024 жылы 20 мамырдан бастап қазіргі дейін Президент кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button