Agro

Қазақстан астық экспортын 58,4%-ға арттырды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстаннан жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құрады

Бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық, деп мәлімдейді ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді», – делінген хабарламада.

Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан – 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан – 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан – 238 мың тонна (+96%), Иран – 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан – 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).

Басқа жаңалықтар

Back to top button