Politics

Қазақстанда БҰҰДБ-ның 200-ден астам жобасы жүзеге асырылды

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астанада Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

БҰҰДБ қызметі БҰҰ-ға мүше елдердің экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған. ҚР Үкіметімен, қоғамдық ұйымдармен, бизнес-сектормен, БҰҰ агенттіктерімен және басқа серіктестермен серіктестікте Қазақстанда құны $200 млн асатын 200-ден астам жобаны жүзеге асырды.

Олардың ішінде шағын және орта бизнесті, жасыл энергетиканы, ауыл шаруашылығын, экотуризмді және басқа да бағыттарды дамытуға бағытталған жобалар бар.

Кездесу барысында Нұрлан Байбазаров еліміздің 2025 жылы Нью-Йоркте өтетін Жоғары деңгейдегі Саяси форумда орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынуға дайындығы туралы да хабардар етті.

«Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу Қазақстанның ұлттық басымдығы саналады. Біз мемлекетіміздің тұрақты дамуына бағытталған оңтайлы шешімдерді іздеу үшін әртүрлі алаңдарда мақсаттарды іске асыру мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлеміз. Ерікті шолу еліміздің негізгі жетістіктерін, сын-қатерлері мен туындайтын проблемаларды объективті түрде айқындайды», — деп толықтырды Н. Байбазаров.

Сондай-ақ Қазақстан БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, атап айтқанда, БҰҰДБ-ның 202-ге арналған Елдік бағдарламасын табысты іске асыруға мүдделі екендігі атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button