Politics

2024 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 86-шы отырысына қатысты. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді, деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша министр «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суару маусымында Қазақстанға 922 млн текше метр су беру туралы келісімге келді.

Бұл ретте Түркістан облысының Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналғанын айта кеткен жөн. Ал, Қазақстанның оңтүстігіндегі егіс алқаптарын суару үшін су алынатын Тоқтоғұл (Қырғызстан) су қоймасына 8 млрд текше метр су жиналды.

Сондай-ақ, отырыста осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскады жұмысының болжамды кестесі бекітілді.

Отырысқа қатысушылар жыл басынан бері еліміз төрағалық ететін Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы жұмысты жеке талқылады. Бүгінгі күнге Қазақстан тарапы барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады.

Сондай-ақ, «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісім жобасы әзірленіп жатыр.

«Қазір біздің басты міндетіміз – тасқын суын жинау. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және т.б. бағыттаймыз, бірақ сонымен қатар оңтүстік өңірлерді де сумен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды», -деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. МСШҮК-нің келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түркіменстанда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button