Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Аталған форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.