Жеңіл өнеркәсіп саласында 1400 кәсіпорын жұмыс істеп тұр
Елімізде жеңіл өнеркәсіп 20-дан астам кіші саланы қамтиды, олар үш негізгі топқа біріктірілген: бұл тоқыма өнеркәсібі 55%-ды, киім өндірісі 37%-ды, былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 8%-ды құрайды
Жеңіл өнеркәсіпте 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша 1400 кәсіпорын жұмыс істеуде, онда 58% (818) кәсіпорынның негізгі үлесін тігін кәсіпорындары, 33% (463) тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар, 9% (119) былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар алады. Саланың 97% (немесе 1 362) шағын кәсіпорындар құрайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жалпы алғанда, саланың біздің еліміздің экономикасына әсері экономиканың басқа салаларына қарағанда аз. Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 2023 жылдың қорытындысы бойынша – 0,97% құрады.
2024 жылдың қантар-наурыздағы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 52,7 млрд теңгені құрады.
Тоқыма саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында Мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы бекітілген (2020 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө ҚР Премьер-Министрінің Өкімі).
Саланы дамыту мақсатында Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді, оған жеңіл өнеркәсіптің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, шикізат базасын дамыту және шикізатты қайта өңдеу, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және қадағалау, отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің қуаттылығын арттыру, инвестициялар тарту, әлемдік тәжірибені енгізу және экспортты дамыту шаралары кіреді.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен 2 жыл мерзімге алып тастау белгіленді (2024 жылғы 19 ақпандағы № 99 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы соңғы қарыз алушылар үшін жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңіл өнеркәсіп жобаларына қаржыландыру бөлінді.
Саланың дамуын қосымша ынталандыру үшін Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне жеңіл өнеркәсіп салалары енгізілді.