EconomyБасты
Президент Үкіметке тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке екі апталық мерзімнің ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Біз «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Ол халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам заем берілді. Осы бағдарламаның аясында өңірлерде қолжетімді кредиттік үйлер салынып жатыр. Дегенмен, оның жүзеге асыру қарқынының төмендегені байқалады. 9,5 мың ғана тұрғын үй салынған немесе жоспардың 56 пайызы ғана орындалып отыр. Үкіметке екі апталық мерзімнің ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын енгізуді тапсырамын», – деді ҚР Президенті.