04.03.2024 ж. 11 сағат 22 минут 02 секундта Алматы облысының сейсмостанциясы Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық класс-13,2. MPV магнитудасы 6,1. Координаттары 42. гр. 93 мин.солтүстік ендік, 76 гр. 96 мин. шығыс бойлық, тереңдігі 10 км. сезгіштік туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): 5 балл, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Іс-қимыл алгоритміне сәйкес, Елеулі жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғауды хабарлау жүйесі (СРУ және сөйлеу хабары) енгізіле отырып, халықты хабардар ету жүргізілді, ұялы байланыс операторлары және Дармен мобильді қосымшасы арқылы SMS-хабарламалар жасалды. Барлық мүдделі органдарға ақпарат берілді.
Сондай-ақ, жедел штаб пен психологтың жұмысымен жедел желі жұмысы ұйымдастырылды. 12 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша азаматтардан 112 телефон желісіне 120 қоңырау, жедел желі телефонына 8 қоңырау (ақпараттық сипаттағы) түсті. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес және ақпаратты өңдегеннен кейін орын алған жер сілкінісі нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстардың қирауы анықталмағаны, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейтіні, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екені анықталды.
Облыс гарнизонының күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілген және төтенше жағдайларға ден қоюға дайын. Байланыс құралдары дайындыққа келтірілді, ескерту жүйесі тексерілді, КШМ орналастырылды. Аумақтық кәсіпкерлік бөлімдерімен ТЖ туындаған жағдайда азық-түлікпен және ыстық тамақпен, сондай-ақ ЖЖМ қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасалды.
Мектептер мен балабақшалар базаларында 173 қабылдау-эвакуациялық пункт дайындалды. 16 жылыту автономды зеңбіректері дайын.