Басты
Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде қатты нөсер болатынын ескертті
30 маусым мен 2 шілде аралығындағы ауа-райы болжамы жарияланды.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райына Оңтүстік Каспий циклоны әсер ететін болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Орталық аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болып, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да мүмкін. Қазақстанның тағы бір бөлігінде қатты жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Сынап бағаны айтарлықтай төмендемейді, бірақ кейбір жерлерде кеш салқын болады , – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.