TechБасты

Бағдарламашы TikTok-ты жасырынған шпион-сервис деп атады

Reddit порталында Bangorlol деген никпен тіркеліп, өзін бағдарламашы деп атайтын қолданушы TikTok кодын зерттегенін айтып, оның нәтижесін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік желінің жасырынған шпион-сервис екенін айтады, себебі желі өзіне қажет емес мәліметтерді жинайды екен.

Bangorlol-дің айтуынша, TikTok құрылғы туралы (процессор түрі, экран өлшемі, жад мөлшері және т.б.), жүктелген басқа қосымшалар туралы (тіпті TikTok орнатқаннан кейін өшірілген қосымшалар да), желі туралы (IP мекен-жайы, Wi-Fi атауы) мәліметтер жинайды. Кейбір жағдайда қосымша әр 30 секунд сайын қолданушының сол сәттегі мекен-жайы туралы да ақпарат алады екен.

Автордың сөзінше, TikTok ұзақ уақыт бойы мәліметтерді, оның ішінде қолданушының жеке мәліметтерін алу үшін HTTPS қорғаныс хаттамасын қолданбаған. Бұл сол жеке мәліметтерді кез келген адам көре алатынын білдіреді. Сонымен қатар, ақпарат жинау бойынша командалар қашықтан жүзеге асуы мүмкін.

Оның мәлімдеуінше, Instagram, Facebook пен Twitter TikTok секілді көп мәлімет жинамайды екен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button