TechБасты

Жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемнің Telegram-боты іске қосылды

Бұл ботқа астаналықтар мазалаған сырқат симптомын жаза алады. Бұдан соң медициналық қызметкерлер хабарласады

Жедел жәрдем қызметінің қоңырау шалған тұрғындардың бәріне бару мүмкіндігі болмағандықтан, арнайы Telegram бот іске қосылды. Ол диспетчерлерлдің жұмысын біршама азайтуға арналған.

Боттың мекенжайы – @ns103bot.

Оның көмегімен жедел жәрдем қызметіне өтінішті тұрғындардың өздері жібере алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Өтініш бойынша боттың барлық сауалына жауап беріп, жеке сәйкестендіру нөмірі мен мекенжайды толтыру керек. Өтініш диспетчерге түскен соң, ол денсаулық министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес, тұрғынға қаншалықты жылдам жету керек екенін шешеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button