Social

Елордада мықты мемлекеттік мамандар анықталды

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы өтті

«Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайыстың мақсаты – қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ, ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

Сайысқа барлығы минитсрлік, комитетттерден, қалалық және аудандық әкімдіктер, басқармалар мен департамент өкілдерінен құралған 13 команда бақ сынасты. Жиыны жүзге жуық мемлекеттік қызметкерлер, штаттан тыс мамандар, тағылымдамашылар қатысты. Ойын шарты бойынша жас жағынан, лауазым жағынан шектеу болған жоқ.

Қатысушылар мемлекет тарихы, тәуелсіз Қазақстан, қазақ тарихына, тілге, дәстүрге, ұлтқа, Алаш арыстары, әдебиеті, мәдениеті жайлы деректер, шығармалар оқып, дайындалды.

Интеллектуалды сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр тур логикаға, медиа форматындағы: аудио, видео, қазақ картиналары, киносы, тұлғаның дауысы, өлең, мақал логикасына негізделген сұрақтардан тұрды.

Команда нәтижелері автомат түрде есептеліп, белгілі ғалымдар, профессорлар, зерттеушілерден арнайы жасақталған әділ қазылар әр тур жайлы өз пікірін айтып, нәтижелерін жариялап  отырды.

«Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы», – дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Төрт сағатқа созылған сайыстың нәтижесіндде ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан құралған «Бес бәйтерек» 1 орынды, Астана қаласы әкімдігінің «Nomad city hall» МКҚК командасы «Мәмбетов мектебі» 2 орынды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрама қомандасы «МИИР Press» 3 орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздары Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  атынан бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button