Finance

Сенаторлар ЕАЭО аясында несиелік мәліметтерді алмасу туралы келісімді талқылады

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды талқылады, деп хабарлайды Сенаттың Баспасөз қызметі.

Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында несиелік тарих туралы ақпарат алмасу үшін жағдай жасауға бағытталған. Құжат несиелік тарихқа енгізілген ақпарат алмасу механизмін, тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ трансшекаралық алмасуға жататын ақпараттың тізбесін белгілейді.

Сонымен қатар, Келісім несиелік қатынастарды тіркеу кезінде тұтынушылар мен қаржылық қызмет көрсетушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі қағидаттарын, мүше мемлекеттердің қаржы нарығын реттейтін органдарының өкілеттіктерін айқындайды.

Талқылау қорытындысы бойынша Комитет мүшелері заңды Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button