FinanceБасты

Қазақстанда А4 қағазының құны 67 %-ға өсті

2021 жылы ішкі нарықта пайдалану үшін Қазақстанға А4 форматындағы кеңсе қағазының 20,4 млн қаптамасы (51 мың тонна) жеткізілді. Оның ішінде, 61% (31,3 мың тонна) ­– Ресей Федерациясынан, 30% (15,1 мың тонна) – Түркиядан, 8% (4 мың тонна) ҚХР-дан импортталды. 

Осылайша, Қазақстан нарығында А4 форматындағы қағаз өнімдерінің басым бөлігі  «Снегурочка» және SvetoCopy брендтерімен ұсынылған.

2021 жылдың қорытындысы бойынша А4 қаптамасының орташа көтерме бағасы 1,5 мың теңгені құрады. 2022 жылғы наурызға қарай бағалар орта есеппен бір мың теңгеге немесе 67%-ға өсті. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңге көтерме бағамен саудалайды.

Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан қағаз шикізатын ағартуға арналған реагенттерді жеткізудегі іркілістерге байланысты және РФ-да кеңсе қағазын өндіру көлемінің қысқаруына орай орын алып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда кеңсеге арналған қағазды кесу және орау бойынша екі зауыт жұмыс істейді. Өткен жылы кәсіпорындар 600 мың А4 қағаз бумасын өндірген болатын, бұл ішкі нарықтағы барлық тұтыну көлемінің 5%-ын құрайды.

«Qagaz Ordasy» ЖШС жылына 3 млн бума, ал «Goida.kz» 3,6 млн А4 кеңсе қағазын шығаратын өндірістік қуатқа ие. Кесуге және буып-түюге арналған қағаз орамдары түріндегі шикізаттың негізгі бөлігі РФ мен Финляндияда өндіріледі. Алайда, ресейлік зауыттар бұл компанияларға қағаз орамдарын тікелей сатпай, оларды Қазақстандағы өз өкілдері («Литан» ЖШС және «Резервснаб Плюс») арқылы саудалайды. Сәйкесінше, сауда-саттықты шектеп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button