Президент Үкіметте өз міндетін атқара алмағандарды көктемде қызметтен босататынын айтты
Жалпы алғанда, Президенттің айтуынша, сөгіс жариялау жақсы нәтижеге қол жеткізудегі тиімсіз амал.
Үкімет мүшелері мен әкімдерге орын алған кемшіліктерді түзеуге көктемге дейін мүмкіндік беремін, өйткені сол кезде өзекті мәселелер талқысына тағы ораламыз, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.
– Бүгін, өздеріңіз байқап отырғандай, тапсырмаларымды дұрыс орындамағаны үшін ешкімге сөгіс жариялаған жоқпын. Кемшіліктер жеткілікті. Қатаң шаралар қабылдауға болар еді, – деді Тоқаев.
Жалпы алғанда, Президенттің айтуынша, сөгіс жариялау жақсы нәтижеге қол жеткізудегі тиімсіз амал.
– Бұл менің жеке ұстанымым. Сондықтан мен үкімет мүшелері мен әкімдерге жіберілген кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беремін. Сондықтан бүгінгі кеңесте берілген тапсырмалар үлкен жауапкершілікпен орындалуы керек. Көктемде біз бұл мәселеге қайта ораламыз, түрлі себептермен өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындай алмаған адамдарды қызметінен босату үшін нақты шаралар қолданамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Ол алда ауқымды міндеттер күтіп тұрғанын, атап айтқанда экономиканы дамытудың, әл-ауқатты халықтың үлесін арттырудың және мемлекеттің әлеуетін толық пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру керек екенін еске салды.
– Біз мұның бәрін жүйелі түрде, халық алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып іске асыруымыз керек. Асқар Мамин бастаған үкімет ел алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын толықтай түсініп, жұмысқа кіріседі. Сізге сәттілік тілейміз, – деп сөзін түйіндеді Қазақстан Президенті.